KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қытайбұршақ таты

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Базидиомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қытайбұршақты зақымдайды.

Таралуы

Солтүстік Кавказда және Қиыр Шығыста кездеседі.

Аурудың симптомдары

Жапырақта дөңгелек, ұсақ, түсі татты-қоңыр, кейін қара-қоңырға айналатын ұнтақты пустулдар пайда болады. Зақымданған жапырақтар негізінен түсіп қалады.

Биология

Өсімдіктің вегетациялық кезеңінің екінші жартысында қатты дамиды. Саңырауқұлақ телиоспора түрінде зақымданған өсімдік қалдықтарында қыстайды. Телиоспоралар арқылы тарайды. Ауру дақылдың өнімділігін азайтады.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары.
Аурудың дамуына жиі жауған жауын, қалың шық, ауаның температурасы 20 - 25 °С оң әсер етеді.  Құрғақ және ыстық ауа райы аурудың дамуын баяулатады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, сүдігер жырту, ерте себу, тез пісетін сорттарды егу.