KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күнбағыс таты

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Күнбағыс өсімдігін зақымдайды. 

Таралуы

Күнбағыс өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Орталық Поволжьеде, Солтүстік Кавказда және Орталық-Қаратопырақты аймақта ауру едәуір қатты дамығаны байқалады.

Аурудың симптомдары

Күнбағыс өскіндерінде оның жапырақтарының үстіңгі жағында ұсақ қызғылт дақтар пайда болады. Вегетация соңында жапырақтың үстіңгі және астыңғы жағында телиоспоралары бар қара-қоңыр телиопустулдар дамиды. 

Биология

Көктемде қодренде немесе күнбағыс өскіндерінде жапырақтарының үстіңгі бетінде  спермгонийлер пайда болады. Спермагонийлерде ұсақ споралар - спермацилер түзіледі, олар ұрықтандыру функцияларын атқарады. Сол жерде жапырақтың астыңғы жағында  споралы эцийлер түзіледі.  Күнбағыс эциоспоралармен зақымданған соң онда  урединиоспоралары бар ұсақ бурыл түсті урединиопустул жастықшалары пайда болады. Урединиостадия кезінде саңырауқұлақ бірнеше генерация түзеді, яғни инфекцияның көп жиналуына ықпал етеді. Өсімдіктің жапырақтары, гүл орындары,  гүлсебеттің сыртқы жағы, сабақтарының жоғарғы бөлігі зақымданады. Вегетация соңында қара-күрең түсті телиоспоралар пайда болады.Телиостадиялық кезеңде ауру қоздырғыш танапта қыстайды, кейін көктемде қайта түлейді. Инфекция көздері  урединиоспоралар мен телиоспоралар болып табылады.
Инфекция көзі – топырақ, өсімдік қалдықтары.
Жоғары температура мен күнбағысты қысқа уақыттық ылғалдандыру таттың қарқынды дамуына ықпал етеді.  Температура  18…20 °С жаңа урединиогенерация қалыптастыру және  урединиоспоралармен зақымдау үшін қолайлы жағдай болып табылады..

Күресу әдістері

Ауруға төлімді сорттар мен будандарды пайдалану.