KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зығыр таты

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Урединиомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Зығырды зақымдайды.

Таралуы

Ауру зығыр себетін барлық аудандарда тараған. 

Аурудың симптомдары

Ауру өсімдіктің жер бетіндегі барлық органдарында дамиды. Ерте көктемде тұқым жарнақтарының астында және өскіндердің жас жапырақтарында сарғыш-қызғылт пикнидтері бар ашық-күрең дақ пайда болады. Кейін сол органдарда эпидермистің астында кейін жарылып кететін, ішінде эцидиоспоралары бар ірі сары-қызғылт түсті эцидийлер пайда болады. Аурудың осы даму сатысы саны азғана өсімдікте өтеді, сондықтан олар байқалмай қалады. Шанақтану және гүлдеу кезінде жапырақтарда, сабақтарда ішінде уредоспоралары бар шағын, томпақ, күрең-қызғылт пустулдар пайда болады. Қатты зақымданған жапырақтар сарғайып, түсіп қалады. Уақыт өте келе сабақ эпидермисінің астында қорапшалар мен жапырақ сағақтарында ішінде телейтоспоралары бар тығыз, қара,  жылтыруық телейтопустулдар түзіледі. Дамудың осы сатысында патогендер анағұрлым зиянды болып келеді, себебі талшықтарының сапасы мен ұзындығын күрт төмендетеді.

Биология

Саңырауқұлақ – толық даму циклы бар ұялас облигатты паразит. Өсімдік қалдықтарында  телейтоспора сатысында  қыстайды.
Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары, зақымданған өсімдік қалдықтары  тұқымдармен араласқан қоспа түрінде болуы мүмкін.
Салқын (температур 16…22 °С) және ылғалды ауа райы.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, ерте себу, тыңайтқыштарды дұрыс қолдану, өнім жиналған соң топырақты терең жырту, төзімді сорттарды пайдалану.