KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Пияз таты

Аурулар
Классификация

Пуциниомицеттер және Урединиомицеттер тобына жатады.

Дақылдар

Пиязды зақымдайды.

Таралуы

Барлық жерлерде кездеседі.

Аурудың симптомдары

 P. porri және P. allii саңырауқұлақтарымен зақымданған кезде жапырақта сары дөңгелек дақтар пайда болады және онда элипске ұқсайтын сақина тәріздес ашық түсті эцидийлер орналасқан. Жапырақтар құрғап қалады. Кейін онда  уредоспоралары бар уредопустулдар,  ал вегетация соңында телиоспоралары бар телиопустулдар пайда болады.  M. allii-populina зақымданған кезде жапырақтар мен сабақтарда сары дақтарда ашық-қызғылт жастықшалар пайда болады.

Биология

Инфекция спор түрінде өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады. M. allii-populina сондай-ақ негізгі иесі - теректің өркендерінде сақталады. Аурудың зияндылығын жасыл пияздың тауарлық сапасының нашарлауынан байқауға болады. Сонымен қатар жапырақтарының уақытынан бұрын өлуі қажетті заттардың аз жиналуына ықпал етеді, соның салдарынан баданалары жете дамымайды және  өнім азаяды.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, топырақ, теректер.
Таттың дамуына ықпал ететін жағдайлар: көктемде және жаздың басындағы салқын және ылғалды ауа райы, сондай-ақ азотты тыңайтқыштың жоғары дозасын қолдану, өсімдіктің тығыз орналасуы.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өндіріске төзімді сорттарды енгізу, пияз егістігін терек өсетін жерлерден оқшаулау.