KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Алмұрт таты

Аурулар
Дақылдар

Алмұрт пен аршаны зақымдайды.

Таралуы

Таттың жоғары деңгейдегі зияндылығы (2 жылда 1 рет, зақымдану деңгейі 50…100 % құрайды) Қара теңіз аймағындағы Краснодар өлкесінде, Қырымда байқалады. Төменгі деңгейі (5 жылда 1 рет, зақымдану деңгейі  15…30 % құрайды) Краснодар мен Ставрополь өлкелерінің орталық және оңтүстік аймақтарында, Адыгей, Қарашай-Черкес республикаларында байқалады.

Аурудың симптомдары

Алмұрт жапырақтарында таттың алғашқы белгілері сәуірдің соңында - мамырдың басында диаметрі 0,5 мм, жасыл-сары түсті ұсақ дөңгелек дақ түрінде байқалады. Олардың аумағы біртіндеп үлкейеді, зақымданған жапырақтар ісінеді.

Биология

Алмұрт татының қоздырғышы  –  екі жылдық даму циклы бар, қос иесі бар паразит. Негізгі иесі  – арша, аралық иесі – алмұрт. Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгілері байқалған соң 2 - 3 күннен кейін дақтың үстінде спермогонилер байқалады. Ол жапырақтың үстіңгі бетінде дамиды, жартысы ұлпаға сіңіп тұрады. Жапырақтың астыңғы жағында  эцийлер түзіледі. Онда эциоспоралар түзіледі. Олар - дөңгелек немесе әртүрлі формада дөңгелек, сұр, ұсақ сүйел тәріздес қабығы бар, көлемі  27…31 х 19…27 мкм болатын жалғыз клеткалылар. Эциоспоралар желмен шашырайды, аршаның бұтақтары мен қылқанды жапырақтарына түскен соң ылғал болған жағдайда өседі және мицелий түзеді. Мицелий қабықтары мен сүректеріне тарайды, клеткалары қарқынды өсе бастайды, соның нәтижесінде  арша бұтақтарының зақымданған жері жуандайды.  Зақымданғаннан кейін 1,5…2,5 жылдан соң көктемде өркендерінде, бұтақтарында діңінде көп телиоспорлар пайда болады (38…50 х 22…28 мкм), олар конус тәріздес немесе мүйізге ұқсас өркен түрінде болады. Телиоспоралардан базидий өсіп шығады және көктемде алмұртты зақымдайды, паренхимаға еніп мицелийдің дамуына ықпал етеді. Татпен зақымданудың зияндылығы - ағаштың өмір сүру қабілеті мен ұзақтығы азаяды, өнімділігі төмендейді, жемістің тауарлық сапасы нашарлайды.
Инфекция көзі – арша.
Таттың дамуы температураның кең диапазонында  3 бастап 30 °С  дейінгі аралықта жүзеге асады (оптималдық температура – 18 °С) және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 84...91 %.