KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күріштің қатты қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Устилягиномицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Күрішті зақымдайды

Таралуы

Ауру Приморьеде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауруға диагноз піскен кезде қойылады. Әдетте бірнеше масақ зақымданады, шашақгүлдің тұтас зақымдануы сирегірек кездеседі. Тұқымның орнына қара ыс тәріздес споралармен толтырылған қаракүйе қапшықтары түзіледі.

Биология

Өнімді жинау және бастыру кезінде қаракүйе қапшықтары жарылса, сау дәндерді, өсімдік қалдықтары мен топырақты ластайды. Келесі маусымда споралар промицелий түрінде өсіп шығады,  олардың үстінде көптеген (20 - 60) жіп тәріздес споридийлер орналасады, олар ауа арқылы тарайды және өсімдікті гүлдену кезінде зақымдайды. Споралар дәнде 3 жыл бойы төзіп сақталады. Дәріленбеген тұқымдарды сепкен жағдайда  ауру өнімді 25 % дейін азайтуы мүмкін.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, тұқым, топырақ. 
Аурудың дамуына жеңіл құмды топырақ, себезгілеп жиі жауған жауын, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (85 % және одан жоғары), температура 25…30 °С, азотты тыңайтқыштардың артықтығы оң әсер етеді. 

Күресу әдістері

Тұқым өсіретін егістіктің кеңістігін оқшаулау, сұрыптау, тұқымды тазарту.