KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Арпаның қатты (тас) қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйелер қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Жаздық және күздің арпаны зақымдайды..

Таралуы

Ресей Федерациясының арпа өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Симптомдары масақтану кезінде байқалады. Өсімдіктің бойы нашар өседі, өнім беретін түптерінің саны азаяды. Кейде өскіндерінің едәуір бөлігінң өлгені байқалады. Гүлдене бастағанда зақымданған масақтарының түсі қарайып, қап-қара болады. Масақтың өзегінен басқа барлық бөліктері телиоспоралардың жабысқан қатты түіршікті қара-күрең массасына айналады. Бұл қаракүйені жиі тасты қаракүйе деп атайды. Тұқымның өскіш қабілеті төмендейді, өнімділігі  10…15 % артық төмендейді.

Биология

Споралар желмен тарамайды. Олардың гүл қауашақтары қалдықтарындағы массасы бастыру және дәнмен өткізетін басқа да операциялар кезінде бұзылады. Зақымдану топырақта споралар басқан тұқымдардың  өсіп шығу кезінде жүреді.  
Инфекция көзі  – тұқымдағы, тарадағы. ауылшаруашылық машиналардағы және құрал-жабдықтардағы телиоспоралар. 
Патогендердің дамуы үшін қолайлы жағдай – топырақтың ылғалдылығы – 60…70 % , температурасы – 5…30 °С.

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау. Тұқым өсіретін учаскелерді шаруашылық мақсаттағы егістерден кеңістік оқшаулау (кем дегенде 0,5 км), ауылшаруашылық машиналар мен құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру, төзімді сорттарды өсіру.