KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Бидайдың тозаңды қаракүйесі

Аурулар
Классификация

Базидиомицеттер тобы, Телиомицеттер кіші тобы, Қаракүйелер қатарындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жаздық және күздік бидайды зақымдайды.

 

Таралуы

Ресей Федерациясының бидай өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Масақтану кезеңінде зақымданған өсімдік масақтарының барлық бөліктері бүлінеді: түйіндері, қабыршақтары, қылтанақтары (өзегінен басқа) бүлініп, телиоспоралардың тозаңданатын қара массасына айналады, олар берік емес мөлдір қабықпен қапталған, қабығы жарылған кезде телиоспоралар жан-жаққа оңай ұшып кетеді.

Биология

Бірінші жылда түйіндері зақымданады (гүлдену кезінде), екінші жылда ауру дамиды (масақтану кезінде). Зақымданған кезде телиоспоралар бидай гүліндегі аналық ауызға  түседі, кейін өсіп, диплоидтық гифтер түзеді, олар түйіндерді зақымдайды. Жақсы өсіп келе жатқан тұқымның бүршіктерін зақымдайды. Зағымдалған дәнді сепкен кезде дәннің ішіндегі саңырауқұлақ жіпшелері де өседі. Диффузиялық жолмен тарай келіп ол өсімдіктің барлық  органдарына сіңеді. Симптомдары масақтану кезінде байқалады. 
Инфекция көзі – зақымданған дән. 
Патогендерге қолайлы жағдай – топырақтың жоғары ылғалдылығы және температурасы  – 20…25 °С.

Күресу әдістері

Өндіріске төзімді сорттарды енгізу, ғылыми негізделген тұқым шаруашылығын жүргізу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тұқым өсіретін танаптарды шаруашылық мақсаттағы  егістерден оқшаулау (кем дегенде 5 км), ауылшаруашылық машиналар мен құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру.