KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Пирикуляриоз

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Hyphales қатарындағы жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады..

Дақылдар

Күрішті зақымдайды.

Таралуы

Қиыр Шығыста және күріш өсіретін басқа да аймақтарда кездеседі.

 

Аурудың симптомдары

Ауру вегетацияның барлық кезеңдерінде өсімдіктің жер бетіндегі барлық органдарында байқалады. Жаздың ортасында жапырақтың пластинкалары мен қынабында айналасы қара-қоңыр болып келетін  ашық-күрең дақтар пайда болады, кейін ол дақтар үлкейеді және бурыл түске боялады. Сонан соң  дақтың астыңғы жағында  конидиалық споралардан тұратын сұр өңез пайда болады. Сабақтарда белдеулер пайда болып, олар қараяды. Әсіресе буындары зақымданса қауіпті, онда кір сияқты өңез түзіледі. Буындары жұмсарып, бос болады, сабақтар азғана жел тұрса сынып түседі. Жапырақ қынабы қатты зақымданса, шашақ  гүлдер жайылып шықпай қалады, онда өсімдік күйіп қалғандай түрге енеді.  Түбі зақымданған шашақ гүлдерде тұқым өспей қалады, олар нәзік болады немесе уақытынан бұрын кеуіп қалады. Кейде шашақ гүдер немесе масақтар қуыс дәнді болатыны байқалады.

Биология

Қоздырғыштар тұқымның бетінде, гүлді және жемісті қабықта, эндоспермада және тұқым ұрығында, сондай-ақ күріштің аңызы мен сабанында  саңырауқұлақ жіпшелері түрінде сақталады. Вегетация кезінде конидиалар арқылы тарайды. Аурудан өнім шығыны  20…25 % және одан да жоғары болуы мүмкін.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, тұқым.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тыңайтқыштар шашу, төзімді сорттар өсіру.