KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Алма ағашының альтернариозы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Алма ағашын зақымдайды.

Таралуы

Алма ағашының Альтернариозы Краснодар өлкесінде және Қиыр Шығыста тіркелген.

Аурудың симптомдары

Жапырақтары мен жемістері зақымданады. Көктемнің соңында немесе жаздың басында оларда ұсақ, дөңгелек, күрең және шеттері қара-көк түсті дақтар пайда болады. Уақыт өте келе дақтар үлкейеді кейде бір-біріне қосылады.

Биология

Конидийлер зәйтүн-күрең түсті, түйреуіш тәріздес, ұзындығы 18…55 мкм және ені  5…12 мкм,  ортасы көлденең 3 - 8 немесе ұзынынан 1 рет бөлінген, 1…3 отсекте 3…10 конидий. Саңырауқұлақ жапырақтарда, құрғап қалған бүршіктер мен бұтақтарды мицелий түрінде қыстайды. Аурудың ағашқы белгісі алма ағашы гүлдеген соң бір айдан кейін байқалады. Инфекция желдің, жауынның немесе бунақденелілердің әсерімен тараған конидийлер есебінен ұлғаяды. Ауру қатты дамыған жағдайда жапырақтары уақытынан бұрын түседі. Жемістің ұлпалары зақымданады және түрі кейіпсіз  болады. 
Инфекция көзі – түскен жапырақтар, бүршіктер мен бұтақтарда орналасқан мицелийлер.
Дамуы үшін қолайлы жағдай ауаның жоғары ылғалдылығы мен температурасы 25…30 °С.

Күресу әдістері

Ауруға төзімді сорттарды пайдалану, инфекцияны азайтуға бағытталған санитарлық іс-шараларды өткізу.