KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қызанақ альтернариозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Картопты, қызанақты, баялдыны зақымдайды.

Таралуы

Көптеген аймақтарды кездеседі, бірақ оңтүстікте кеңірек тараған.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің жапырақтары, сабақтары және жемістері зақымданады. Симптомдары бастапқыда  төменгі жапырақтарда қоңыр немесе қара-қоңыр дөңгелекті дақтар түрінде көрінеді. Ол дақтар біртіндеп жан-жаққа қарай өседі, қосылады, жапырақтар өледі. Сабақтарда ұзынша келген дақтар пайда болады, олар сабақты құрғақ шірікпен зақымдайды. Жемістер сирек зақымданады, жеміс өсіп тұрған сабақта  қара дөңгелек ойық дақтар пайда болады. Жоғары ылғалдылық жағдайында  ол жерде қара бархытты өңез түрінде конидийлік споралар түзіледі.

Биология

Зақымданған соң  3…4-күндері дақтың көлденеңі 3 мм жеткенде түтінді-сұр конидийлер түзіледі, және олар желмен, жауын тамшыларымен тарайды. Оңтайлы температура (22…26 °С) және тамшылы ылғал болған жағдайда конидийлерде кем дегенде 2 сағаттың ішінде инфекциялық өскіндер шығып келеді және олар тыныс саңылаулары арқылы өсімдіктің ұлпасына сіңеді. Саңырауқұлақ жіпшелері клеткааралық ортада дамиды. Саңырауқұлақ  альтернариялық қышқыл бөліп шығарады, ал ол сабақтардың, жапырақ сағақтарының және жапырақтың некрозына алып келеді.  Инкубациялық кезеңі – 3…8 күн.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тыңайтқыш шашу, жерді жырту, төзімді сорттарды пайдалану, жылыжай конструкцичлары мен құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру.