KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қызылша альтернариозы (қара зең)

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қызылшаны және басқа да өсімдіктерді зақымдайды.

Таралуы

Қызылша өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Зақымданғанын көбінесе ескі жапырақтардың, қара немесе қара-зәйтүн түсті түйнекшелердің өңезденуі түрінде байқалады (көбінесе дөңгелек дақтар). Өңездер өсімдік танапта тік өсіп тұрғанда да байқалады. Қоздырғыштардың біреуі сақтау кезіндегі шоқа шірігі. Тамырдың сыртқы бетінде шоқада конидийлер мен конидий сағақтарынан тұратын бархытты қара-жасыл немесе күрең--зәйтүн түсті өңез түзіледі. 

Биология

Қоздырғыштар саңырауқұлақ жіпшелері және конидий түрінде өсімдік қалдықтарында қыстайды. Кейде тұқымдық тамыр жемістерінде және тұқымдық түйнекшелерде сақталуы мүмкін. Конидийлер арқылы тарайды..
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, тұқым, тұқымдық тамыр жемістері.
Конидийлердің өсуі және өсімдікті зақымдауы үшін оңтайлы жағдай – температура 22…26 °С және  кем дегенде 2 сағат бойы тамшылы ылғал болуы керек. 

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, қышқылды топырақты әктеу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тыңайтқыш шашу, тұқымдық жемістерді өндірістік егістерден оқшаулау, арамшөптермен күрес жүргізу.