KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зығыр альтернариозы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Зығырды зақымдайды.

Таралуы

Ауру зығыр себетін барлық аудандарда тараған.

Аурудың симптомдары

Вегетациялық кезеңнің соңында барлық жер бетіндегі органдарында күрең дақ пайда болады, олар жайыла келе жапырақтарды, гүл бүршіктерін және қауашақтарды құрғатады. Көбінесе тұқым шықпай қалады немесе бір-екеу ғана болуы мүмкін. Ылғал болған жағдайда өсімдіктің зақымданған жерлерінде саңырауқұлақтың спор түзетін қараға боялған өңездері пайда болады.

Биология

Қоздырғыш конидий түрінде өсімдік қалдықтарында немесе тұқымда сақталады.  Инфекция көзі - өсімдік қалдықтары, тұқым. Патоген үшін қолайлы жағдай - өсімдік гүлдеген соң болған жауынды ауа райы аурудың қатты дамуына оң әсер етеді.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, жерді терең жырту арқылы өсімдік қалдықтарын жою.