KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күріш альтернариозы немесе күріштің зәйтүн зеңі

Аурулар
Классификация

Гифомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Көптеген дақылдарды зақымдайды.

Таралуы

ЗАуру күріш өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру дәннің толу және пісу фазасында байқалады. Жапырақтары мен сабақтарында, әсіресе өлісінде  шым түрінде зәйтүн-қара, барқытты тығыз өңез пайда болады. Шашақгүлдің барлық элементтері топырақ түсіне боялады. Зақымданған түйіндер өледі және  саңырауқұлақ жіпшелері мен спорларынан тұратын қара массаға айналады.  Ауру бірінші кезекте жел, құстар, бунақденелілер мен ауру бүлдірген өсімдіктерді зақымдайды.  Қоздырғыш тұқымның ішіне енген соң токсин бөледі,, соның салдарынан  олардың сапасы нашарлайды, өсіп шығу энергиясы төмендейді. 

Биология

Инфекция көзі тұқымдағы және өсімдік қалдықтарындағы конидийлер болып табылады. Тұқым инфекциясы өскіндердің өліміне немесе қатты әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Құрғақшылық басқан аудандарда аурудан келетін шығын көп емес. Ылғалды жылдарда шығын көлемі  40 % жетуі мүмкін.. Инфекция көзі - өсімдік қалдықтары, тұқым. Өсу және спор түзу үшін оңтайлы температура 25…30 °С. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық, жел және топырақтың жоғары құнарлылығы оң әсер етеді.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өнім жиналғаннан кейін жерді терең жырту арқылы өсімдік қалдықтарын жою.