KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күнбағыс альтернариозы (қаракүрең дақ)

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Аскомицеттер тобындағы жоғары саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Күнбағысты зақымдайды

Таралуы

Күнбағы өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Ауру Солтүстік Кавказда қатты дамығаны байқалады және онда өнімді  30 % дейін төмендетуі мүмкін..

Аурудың симптомдары

Бастапқыда тұқым жарнақтарында  диаметрі 0,3 см болатын дөңгелек сары дақтар пайда болады. Кейін альтернариоз нағыз жапырақтарда, сабақтарда және себетгүлде пайда болады. Жапырақтарда формасы әртүрлі шағын дақтар  пайда болып, кейін олыр үлкендейді де жапырақтарды құрғатады. Сабақтарда және себетгүлдің артқы жағында қара-күрең шрихтар, әртүрлі форма мен көлемдегі дақтар пайда болады. Ауа райы ылғалды болған кезде зақымданған ұлпаларда ауру қоздырғыштардың  қара немесе зәйтүн түсті спорлары түзіледі.

Биология

Ауру  барлық даму фазаларында білінеді, бірақ пісу кезінде ерекше байқалады. Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында  спор түрінде сақталады. Споралар арқылы тарайды. Альтернариоз күнбағыстың уақытынан бұрын кеуіп қалуына және өнімді едәуір көлемде жоғалтуға ықпал етеді.
Инфекция көздері - тұқым, өсімдік қалдықтары.
Патогеннің  дамуына  оңтайлы  жағдай  -  ұзақ  мерзімді  ылғалды  ауа  райы  және ауа  температурасы  15 - 30 °С.  Күнбағыстың  A. helianthi  қоздырғышымен  максималды  зақымдануы  температура  25…27 °С, үш-төрт күн үздіксіз ылғалды ауа райы болған кезде орын алады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, ауруға неғұрлым төзімді сорттар мен будандарды пайдалану.