KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Картоптың альтернариозы (ерте түскен құрғақ дақ)

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Картопты, қызамықты зақымдайды.

Таралуы

Көптеген аймақтарда кездеседі, бірақ оңтүстік аймақтарда кеңірек тараған.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің жапырақтары, сабақтары және түйнектері зақымданады. Симптомдары әдетте гүлдену кезеңіне дейін  15 - 20 күн бұрын, шанақтану кезеңінің алдында қоңыр немесе қара-қоңыр дөңгелек дақтар түрінде байқалады. Қолайлы температура мен ылғалдылық болған жағдайда  дақтар зақымданған соң  2 - 3 күннен кейін байқалады.

Биология

Зақымданған соң 3 - 4 күннен кейін, дақтың көлденеңі 3 мм жеткенде түтін түстес сұр конидиялар түзіледі және желмен, жауын тамшыларымен тарайды. Оңтайлы температурада (22…26 °С) және тамшылы-сұйық ылғал болған жағдайда кем дегенде 2 сағаттың ішінде  конидияларда инфекциялы өскіндері шығып, саңылаулар арқылы  өсімдіктің ұлпасына сіңеді. Саңырауқұлақ жіпшелері клеткаралық кеңістікте дамиды. Саңырауқұлақ альтернарий қышқылын бөліп шығарады, және өсімдіктің сабақтары, жапырақ сағақтары және жапырақтары некрозға ұшырайды. Инкубациялық кезеңі – 3…8 күн.
Инфекция көздері - мицелий мен конидий сақталған өсімдік қалдықтары,  түйнектер, топырақ.
Түйнектерді зақымдау үшін оңтайлы температура 13…16 °С. Ал  5...7 °С және  25 °С жоғары болған жағдайда ауру нашар дамиды. Ауа райы ыстық, жауын мен шық мол болса ауру ерекше қатты дамиды.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар шашу,  сапалы тұқымдақ материалдарды пайдалану, жырту, төзімді сорттарды пайдалану.