KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Фитофтороз

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Пероноспоралылар қатарындағы .фикомицет - саңырауқұлақтар тобына жатады. 

Дақылдар

Картопты, қызанақты және аздап бұрыш пен баялдыны зақымдайды.

Таралуы

Ресейдің көптеген аймақтарында кездеседі,  солтүстік, батыс және орталық аймақтарда, Кавказда қызанаққа ерекше зиян келтіреді.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің жапырақтары, сабақтары мен жемістері зақымданады. Жапырақтарда, негізінен жапырақ пластикасының шет жағында, сондай-ақ сабақтың жекелеген учаскелерінде  тез ұлғаятын қара-күрең дақтар пайда болады. Жапырақтар қарайып, құрғайды, ауа райы ылғалды болса, шіриді.  Ылғалдылық жағдайында дақтың шетінде сау жасыл ұлпалардың астыңғы жағында  ақшыл өрмекші торы тәріздес қоздырғыш зооспороангий ұстаушы мен зооспорангийлерден тұратын өңез түзіледі. Қызамық жемістерінде қатты күрең шірік пайда болады, және олар вегетация, тасымалдау және сақтау кездерінде де дамуы мүмкін. Зақымданған жеміс ылғанданғанса, оны сақтау кезінде  зооспорангийлер өседі және жанындағы сау жемістерді зақымдайды.

Биология

Саңырауқұлақтың вегетативтік денесі зақымданған өсімдіктің клеткаралық кеңістігінде орналасады. Вегетация кезінде  зооспорангийлер су тамшыларында өсіп, зооспоралар түзеді немесе  инфекциялық өскіндер өсімдіктің ұлпаларына сіңеді.  Инкубациялық кезең температураға байланысты  3 - 16 күнге дейін созылуы мүмкін. Қоздырғыштарда жыныстық құрылымының фитофторозы - ооспорлар пайда болу жағдайы жиі кездеседі. Олардың топырақта жиналуы алғашқы инфекцияның бірінші инфекция көзі болып табылуы мүмкін. Мұндай топырақтар ұзақ уақыт бойы картоп отырғызуға жарамсыз болып табылады. 
Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары, отырғызылған картоп, топырақ. 
Патогендер үшін қолайлы жағдай – вегетация кезіндегі ылғалды ауа райы, қоймадағы жоғары температура мен ылғалдылық.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар шашу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану,  жерді жырту, төзімді сорттарды пайдалану, картоп пен қызамық егістігін оқшаулау.