KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қызылшаның церкоспорозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады. Факультативтік сапротроф.

Дақылдар

Қызылшаны, картопты, қытайбұршақты, жоңышқаны, асбұршақты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды.

Таралуы

Қызылша отырғызатын барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Бастапқыда  жапырақтарда формасы дөңгелек, ақшыл-күрең, шеттері қызыл-күрең ұсақ дақтар пайда болады.  Бірінші кезекте ең ірі және ескі жапырақтар өледі. Ондағы дақтардың көлемі 0,5 - 0,8 мм аспайды. Қатты зақымданған кезде жапырақтың пластинкасы ортаңғы талшықтың бойымен төмен қарай майысып оралады, құрғайды және өледі, пәлектері топыраққа жатып қалады, тек ортасындағы жас жапырақтар ғана өсіп тұрады. Күзге қарай тамыр жемістерінде  жаңа жапырақтар өсіп шығады, жалпы плантация көзге сау болып көрінеді. Бірақ тамыр жемістерінің өнімі 30 - 70 % төмендеуі мүмкін. Шикізаттың сапасы нашарлайды, алынатын қант деңгейі 20 - 50 % төмендейді, шикізат нашар сақталады..

Биология

Саңырауқұлақ жіпшесі түріндегі қоздырғыштар зақымданған жапырақтарда, жапырақ сағақтарында тұқымның ұрыққабында және аналық тамыр жемісте қыстайды. Жапырақтарды зақымдаған кезде өсімдіктің маңызды физиологиялық процестері бұзылады. Зақымданған жапырақтағы аппарат транспирациясының белсенділігі 5 ретке күшейеді, көмір қышқыл газдың ассимиляциясы 10 ретке азаяды, азот алмасу процесі бұзылады. Түнгі шық, өткінші жауын, ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы зақымданған жапырақтағы дақтың екі жағынан да  сұр барқыт өңез түрінде конидиалық спор түзуді қалыптастырады.  
Инфекция көздері – өсімдік қалдықтары, тұқым, аналық тамыр жемістері. 
Патогендер үшін қолайлы жағдай – вегетациялық кезеңде құрғақ ыстық ауа райы мен бірқалыпты жылы және ылғалды ауа райының кезек алмасуы болып табылады.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, тыңайтқыштар шашу, қышқылды топырақтарды әктеу, сапалы тұқымдық материалдарды пайдалану, тұқым өсіретін жерлерді өндірістік мақсаттағы егістерден оқшаулау.