KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қияр пероноспорозы немесе жалған ақ ұнтағы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Оомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қиярды зақымдайды ал қарбызды, зауынды, асқабақты сирек зақымдайды

Таралуы

Барлық жерде, жабық және ашық алаңдарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Жапырақтың үстіңгі бетінде жапырақ талшықтарының бойында орналасқан бастапқыда сары, кейін қоңыр дақтар пайда болады. Уақыт өте келе олар ұлғайып, тұтас даққа айналады. Жапырақтар біртіндеп құрғап түседі.  Ылғал көп болса, әсіресе жабық алаңда, ауру жапырақты шірітеді. Жапырақтың астыңғы жағында  дақ болған жерде үлкен сұр-көкшіл түсті өңез пайда болады. 

Биология

Ауру өсімдіктің вегетациясы кезінде зооспорангиялық жолмен тарайды. Инфекция көзі – ооспорлар, олар зақымданған өсімдіктің қалдықтарында және тұқымдарда сақталады. Жалған ақ ұнтақтың зияндылығы - жапырақтың тез өлуі және түсуі, жемістердің сарғайып солуы және түсетін өнімнің 30 бастап 100% дейін азаюы болып табылады..
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, тұқымдары.
Саңырауқұлақтың дамуына оңтайлы температура 15…22 °С, ауаның қатынасты ылғалдылығы 80…100%, инкубациялық кезеңі 3…6 күн. Зооспорангилер мен ооспорлардың өсуі үшін тамшылы ылғал қажет. Аурудың дамуына  жауын, шық, төменгі температура, сондай-ақ қияр нашар желдетілетін немесе қараңғылау учаскелерде немесе тамшылы ылғал жиналатын жылыжайда өсірілсе ықпал етеді. 

Күресу әдістері

Өсімдік қалдықтарын жинау және жою, күздік сүдігерді терең жырту, ауыспалы егіс талаптарын сақтау, алаңдағы топырақты зарарсыздандыру, жыылыжайды дезинфекциялау, төзімді сорттарды пайдалану болып табылады.