KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Алма мен алмұрт ағаштарының таз қотыры

Аурулар
Классификация

Қоздырғыштар қалталы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Алма ағаштары мен алмұртты зақымдайды.

Таралуы

Барлық жерде кездеседі, бақтарда.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің жапырақтары, жемістері зақымданады. Алмұрттың жас өркендері жиі зақымданады. Жапырақтарында  алғашында сарғыш, майлы дақ пайда болады. Кейін олар жасыл-күрең түске өзгереді, бетінде барқыт сияқты өңез пайда болады. Алма ағашының жапырақтарында дақтар негізінен жапырақтың үстіңгі жағында, алмұртта астыңғы жағында орналасады. Қатты зақымданған жапырақтар құрғап,  уақытынан бұрын түседі.  Жемістегі дақтар дөңгелек, түсі қара, айналасы  ақ сызықша болып келеді.  Дақтың беті зәйтүн-күрең түсті өңезбен жабылады. Жас жемістер зақымданған кезде олардың формасы жаман болып өзгереді, нашар өседі. Таз қотырмен зақымданған өркендер ісінеді, кейін жарылады, жарылған жерлерде  жапырақтағы сияқты өңездер байқалады. Таз қотырдың салдарынан өнімділігі азайып,  жемістерінің сапасы төмендейді, ағаштың қысқа қарсы төзімділігі азаяды, өсуі нашарлайды.

Биология

Түскен, зақымданған жапырақтарда сақталады. Көктемде ауа райы жауынды болған кезде спорлы қалталар қалыптасады, олар пісіп жетілген кезде өсімдікті зақымдайды, ауа райы ыстық болған жағдайда олар өте әлсіз болады. Таз қотыр дақтарында жазғы жыныссыз спорлар пайда болады, олар қайтадан зақымдай бастайды, олар ауа райы ылғалды болғанда белсенді болып келеді. Таз қотыр ағаштың  бұтақтары мен жапырақтары қалың болып өссе, нашар желдетілетін бақтарда, жақсы жеміс берсе, соғұрлым күштірек зақымдайды.
Инфекция көзі – түске және зақымданған тжапырақтар.
Патогендерге қолайлы жағдай - ылғалды орташа жылы ауы райы болып табылады.

Күресу әдістері

Түскен жапырақтарды жинау, ағаштарды күту, өндіріске төзімді сорттарды енгізу.