KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Макроспориоз

Аурулар
Дақылдар

Алқа тұқымдастар

Аурудың симптомдары

КАРТОП

Картопта бұл ауру жапырақ-сабақ инфекциясы ретінде тіркелген, алайда ол түйнектерді де зақымдайды.
Саңырауқұлақ әсерінен оның жапырақтарында дөңгелек қоңыр дақ пайда болады. Ұзақ уақыт жауын болмаса, олар жапырақты іштей және сырттай бүлдіріп, олардың орнана көптеген әртүрлі тесіктер пайда болады. Егер қатты зақымданса, жапырақтар сарғайып, тұтастай құрғап қалады.

Сабақтарында сұр-күрең ұзынша келген дақтар пайда болып, олар сабақтың ұлпаларына терең сіңеді.

Түйнектердегі дақтар құрғақ, қара, аздап ойықтау болады. Бүршіктері, басқаша айтқанда "көздері" өледі. Дақ пен "көз" арқылы оған басқа зиянды микроорганизмдер ішке енеді ("Картоптың сулы бактериалық шірігі" деген бапты қараңыз).
Макроспориоздан келетін өнімнің шығыны  20-45% құрайды..

 

КӨКӨНІС БҰРЫШ (CAPSICUM ANNUUM) ЖӘНЕ  БАЯЛДЫ (SOLANUM MELONGENA).

Алқалылар тобына жататын бұл өсімдіктердің жапырақтарында тым ерте қоңыр дақтар пайда болады. Дақтың ішінде сақина тәріздес оюлар әзер байқалады. Жапырақта дақтар неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тез өледі және оның өнімділігін азайтады.

 

ҚЫЗАНАҚ

Патоген үстіңгі емес, астыңғы жапырақтардан бастап зақымдайды. Жапырақтарда ірі қара-күрең оюлы дақтарды байқауға болады.

Кейін сабақтарының төменгі жағында ұзынша келген қара (күрең) дақтар пайда болады және ол дақтар үстіне және жанына қарай жайыла бастайды және біртіндеп жемісті өркендер арқылы жемістерді зақымдайды.

Оның таралуына қолайлы жағдай - жылы және ылғалды ауа райы (ыстық пен қалың жауын және мол шық кезек болса).
Дақтар көбінесе көрінбей қалады, оған тиіп кеткен жапырақтар бірден құрғай бастайды.
Дақтар жемістен бастап біртіндеп сабақтың бекіген жеріне қарай жайылады. Олардың орналасқан жерлері ойық, формасы дөңгелек, түсі қаракүрең. Олар өсімдіктің механикалық зақым алған жерлерінен де жайылуы жиі кездеседі. 
Қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығы дақтың қара бархыт өңезбен жабылуына ықпал етеді (жемісте жақсы байқалады), ол - қоздырғыш саңырауқұлақтың спорлары.