KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Зығыр пасмосы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады

Дақылдар

Зығырды зақымдайды

Таралуы

Майлы зығыр үшін бұл ауру ішкі карантиндік объект болып табылады.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің жер бетіндегі барлық органдары зақымданады. Тұқым жарнақтары мен жапырақтарда сары-жасыл дақтар пайда болады және  олар тез күреңденіп, құрғайды. Дақта көптеп қара пикнидтер пайда болады. Зақымданған тұқым жарнақтары мен жапырақтар ширатылып құрғайды және түсіп қалады. Олардың зақымданғаны гүлдеу фазасының басында жақсы байқалады,  ол кезде ауру жапырақты ғана емес, сабақтарын да зақымдайды. Бұл уақытта жапырақтары тұтас күреңденеді, жапырақтары ширатылып, түседі, сабақтарында дөңгелек созылмалы күрең дақтар пайда болады, диаметрі бірнеше  сантиметрге дейін жетеді. Зақымданған және зақымданбаған учаскелер кезек орналасуына байланысты өсімдік шұбар түске айналады. Дақтар бір-біріне қосылып, бүкіл сабақты қамтиды. Зығыр піскен кезде олар сұр-күрең түске ие болады. Қатты зақымданған жағдайда егістіктің түсі сұрланады. Сабақтары түктенеді. Күрең дақтар өсімдіктің шанақтары мен қауашақтарында пайда болады. Қатты зақымданса, шанақтары өліп, қауашақтары жетілмей қалады. Қауашақтағы дәндер жетілмеген, нәзік болады.

Биология

Өсімдіктің вегетациясы кезінде  саңырауқұлақ зақымдаған жерлерде пикноспоралары бар пикнид қалыптастырады. Саңырауқұлақтың пикноспоралары вегетация кезінді желмен, жауын тамшыларымен және шыбын-шіркей арқылы тарайды. Споралар өсіп,инфециялық гифтер пайда болады және олар өсімдіктің ұлпаларына сіңеді. Ауру жеке ошақ түрінде кездеседі, алайда қолайлы жағдай туындаған кезде бүкіл егістікті қамтуы мүмкін. Аурудың зияндылығы өскіндердің өлуімен байланысты. Егер пісіп жетілген өсімдікті зақымдаса, олардың талшықтарының сапасы нашарлап,  тұқым өнімділігі төмендейді. Талшықтары берік емес, сынғыш, қауашақта дән болмайды немесе жете дамымаған және нәзік болып келеді.
Инфекция көзі - зақымданған тұқымдар мен топырақтағы өсімдік қалдықтары болып табылады. Саңырауқұлақ топырақта және өсімдік қалдықтарында 6 - 7 жыл сақталуы мүмкін.
Ауру дымқыл немесе төмен орналасқан жерлерде, ауа райы жылы (21  °С) болса соғұрлым жақсы дамиды.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өсімдік қалдықтарын жою.