KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жүзімнің ақ ұнтағы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш қалталы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жүзімді зақымдайды.

Таралуы

Жазы ыстық және құрғақ аймақтардың барлығында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Өсімдіктің барлық жасыл бөлшектері зақымданады. Алғашқы белгілері көктемде бүршіктен өсіп шыққан өркендерде байқалады. Өркендері мен жапырақтары ақ, кейін сұр түске айналатын  өңезбен жабылады, олар саңырауқұлақ жіпшелерінен және конидиалық жолмен түзілген спорлардан тұрады. Өңездер жапырақтың екі жағын да қамтуы мүмкін. Жапырақтары сынғыш болады, уақытынан бұрын құрғайды, шеттері ішінара жоғары қарай майысады. Жапырақтарының жаппай зақымдануы негізінен жаздың екінші жартысында байқалады.  Зақымданған өркендер өңезденеді, өңезін сүртсе,  өлі ұлпалардың күрең дақтары көрінеді. Ауру жайған өркендер ағашқа айналмайды, суықта тез қатады немесе мүлде үсіп қалады. Жемісте және жеміс сағақтарында ақ ұнтақ өңез пайда болады. Ерте зақымданған жағдайда жеміс өспей қалады, олар түсіп қалмай кеуіп тұрады. Ақ ұнтақпен кеш зақымданса жемістері жарылып, тұқымдары жалаңаштанып қалады. 

Биология

Зақымданған органдардың саңырауқұлақ жіпшелерінде саңырауқұлақ қалталар мен спорлы қалталар бар  клейстотеция түзеді.  Клейстотециялар қыс кезінде қоздырғыштарды сақтап қалу үшін маңызды роль атқармайды. Олар әдетте күзгі жауынмен оңай шайылып, топыраққа түседі, ондағы микробиоттың әсерінен бұзылады. Ауру қоздырғыштар мицелий түрінде өркендерде және көздерді жауып тұрған қабықтарда қыстайды. Көктемде осындай бүршіктерден өркендер өсіп шығады, яғни оның шыққан жапырақтары ақ ұнтақ өңездерімен жабылған.  Өсіп шыққан өркендер саңырауқұлақтың одан әрі таралу көзі болып табылады. 

Инфекция көзі – зақымданған жүзім сабағының бүршіктері.
Патогендердің дамуына қолайлы жағдай - топырақтың құрғақшылық салдарынан нашарлауы, көшеттердің тығыз орналасуы, жасыл өркенді бұталардың шпалерге байланбауы өсімдікті ақ ұнтақпен қатты зақымдайды.  Аурудың дамуына оңтайлы жағдай - ауаның ылғалдылығы  70 %  жоғары және температурасы 18…25 °С шегінде. Ақ ұнтақпен кеш пісетін сорттар қаттырақ зақымданады.

Күресу әдістері

Төзімді сорттар өсіру, шиенді күту.