KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қойбұршақтың ақ ұнтағы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қойбұршақ, асбұршақ, мал азықтық бұршақбас, сиыржоңышқа.

Таралуы

Ауру бұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру өсімдіктің жапырақтары мен бұршақтарында байқалады. Саңырауқұлақ өрмекшінің өрмегіне ұқсас ақ өңез қалыптастырады және ол уақыт өте келе сары түске өзгереді. Жапырақтары ширатылып, кейін өледі. Зақымданған жас бұршақбаста тұқым өспейді, егер кешірек зақымданса оның қабығында терең жара пайда болады.

Биология

Инфекция көзі - зақымданған өсімдік қалдықтарындағы аскоспоралар. Вегетация кезінде саңырауқұлақты желдің, жауын тамшысының және бунақденелілердің көмегімен конидиялар таратады. Өсімдік қатты зақымданған кезде (90…100 % дейін)  астықтың өнімділігі 5 есеге төмендейді. Құрамындағы белоктар мен протейндер азаяды.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары.
Аурудың таралуына оңтайлы температура 8 - 22 °С ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60…80 %.

Күресу әдістері

Ерте себу мерзімі, калий және  фосфор тыңайтқыштарын қолдану, өсімдік қалдықтарын жою.