KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Рапстың қара мойнағы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Хитридиомицеттар тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Өсімдіктің көптеген түрлерін зақымдайды.

Таралуы

Рапс өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру рапста өскін шыққаннан бастап өсуі аяқталғанға дейін көрінеді. Зақымданған өсімдіктің тамырға жақын сабақтары басында суланғандай болады, кейін қарайып, шіриді. Өсімдік жапырылып қалады және өледі.

Биология

Саңырауқұлақ патогендеріне жататын қара мойнақ қоздырғыштары топырақта жақсы сақталады және рапсты бір жерде көп рет еккен кезде жинала береді. Кейбір ауа райы қолайсыз болған жылдарда ауру өскіндердің 50…60 % өледі. Егін өнімділігі 30…40 % төмендейді.
Инфекция көзі – топырақ.
Аурудың дамуына температураның тәулік ішіндегі тез ауытқуы, ұзақ уақытқа температураның төмендеуі (13 °С төмен), топырақтың жоғары ылғалдылығы(80 % және одан жоғары) және ауаның ылғалдылығы (90…95 %), топырақ рН  5…7,6 және жарықтың жетіспеуі әсер етеді.

Күресу әдістері

Көшетті қара мойнақ қоздырғыштарынан таза топырақта өсіру, жылыжайдағы топырақты дезинфекциялау, топырақты әктеу, өсімдіктің қалың өсуін тиісті деңгейде сақтау.