KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жүгері сабағының шірігі

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Жүгеріні зақымдайды.

Таралуы

Ауру жүгері өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Бірақ құрғақшылық басым аймақтарда бұл ауру өте сирек кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру бастапқы кезеңінде  өсімдіктің төменгі бөлігіндегі сабақтары мен буынаралықтарында дақ түрінде байқалады. Жүгерінің сабақ шірігі сабақтың жұмсаруына және оның өлуіне әкеп соғады. Зақымданған сабақтың өзегі ыдырап,  қызғылт түске өзгереді.

Биология

Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында аскоспор түрінде сақталады. Аскоспорлар арқылы тарайды. Ауру өнімді 30 % дейін төмендетуі мүмкін. 
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары.
Патогеннің дамуына қолайлы жағдай – собықтардың пісуі кезіндегі жылы және ылғалды ауа райы болып табылады. 

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау; тұқымды тыңайтқышпен өңдеп жақсы дайындалған топыраққа себу; төзімді будандарды пайдалану.