Қолдану жөнінде ұсыныстар
Орданды® аурудың алдын алу үшін қолданса немесе аурудың бастапқы кезеңінде, өсімдікте симптомдары әлі байқалмаған кезде қолданса тиімдірек. Картопқа бірінші өңдеуді алдын алу мақсатында жүргізеді (қатардағы пәлектері жиылғанда) немесе ауру жұққаннан кейін 2 күннен кешіктірмей өңдейді, келесі өңдеуді арасына 7 - 14 күн салып өткізеді. Қияр мен қызанаққа бірінші бүркуді алдын алу мақсатында, 4 - 6 нағыз жапырақ шыққан кезде немесе жұқтырған соң 2 күннен кешіктірмей жүргізеді, екінші және үшінші рет арасына 7 - 10 күн салып жүргізеді. Жүзім мен пиязға бүркуді өсіп-өну кезінде жүргізеді, бірінші рет алдын алу мақсатында, кейінгілерін арасына 7 - 14 күн (жүзімде) немесе 7 - 10 күн салып (пиязда) жүргізеді. Ең көбі 3 рет өткізіледі.
Күту мерзімдері: картопта, пиязда және жүзімде 20 күн, ашық алаңдағы қияр мен қызанақта 5 күн, қоршалған алаңда 3 күн.
Ескерту!
Дозасын белгілеуді жеңілдету және препаратпен тікелей жанасуға жол бермеу үшін Ордан® фунгициді суда ерігіш пакеттермен жеткізілуі мүмкін.(СЕП).
Суда ерігіш пакеттер салынған тұйық герметикалық қаптаманы тікелей бүріккіштің багына салар кезде ашады! Суда ерігіш пакеттерге су тигізбеу керек!
Жұмысшы ерітінді алдын ала жеке ыдыста ерітіп дайындалмауға тиіс(араластырғыш бак).
Үйлесімділік
Орданды® препараттар қоспасында күшті қышқыл немесе күшті сіліті реакциясы бар препараттардан басқа барлық пестицидтермен қолдануға болады.