Қолдану жөнінде ұсыныстар
бидайды 37 (флаг-лист) даму кезеңінде және (немесе) 51 (бастапқы масақтану кезінде), арпаны – 32 - 49 (екі буын - соңғы жапырақ қынабы ашылған соң) даму кезеңінде өңдейді. Күрішті шашақгүл шығу кезінде бүркиді. Дәнді дақылдарда күту мерзімі – 30 күн, күріште – 40 күн.
Ескерту!
Фунгицидтің жұмысшы ерітіндісін дайындау кезінде кез келген барлық жағдайда Колосальды® суға қосу керек, керісінше емес.
Араластырғыш бакта препаратты сумен араластыруға болмайды, фунгицидті бүріккіштің багы ½ деңгейде сумен толтырылған кезде соған араластырмаған күйде қосу керек.
Үйлесімділік
Колосаль® көптеген пестицидтермен үйлеседі, мысалы, Борей® инсектицидімен. Бірақ әрбір нақты жағдайда араластыратын препараттарды өзара үйлесімділігіне тексеру қажет.