Қолдану жөнінде ұсыныстар
адъюванттың шығын нормасын 100 л жұмысшы ерітіндіге 15 бастап 100 мл дейін (0,015 - 0,1% ерітінді) қолдану ұсынылады. Қалыптасқан практика бойынша шығынның жиі қолданылатын орташа нормасы 100 л жұмысшы ерітіндіге 50 мл (0,05% ерітінді).
Бұл нормалар мөлшермен алынған және қолдану кезінде қалыптасқан нақты жағдайлар ескерілуі тиіс. Мысалы, түктенген, тым өсіп кеткен, шаң басқан, эпикутикулярлық балауыз қалың жапқан өсімдіктерге Полифемнің® дозасын арттыру керек.. Адъюванттың шығын нормасы сондай-ақ бүріккіш қондырғылардың сипаттамасына және икемделуіне байланысты.
Сонымен қатар күтілген нәтижеге қол жеткізу үшін форсункаларды уақытында ауыстыру қажет. Ауа райы қолайлы болса (ыстық емес,ауының ылғалдылығы жоғары және жеткілікті, қатты жел жоқ) Полифемді® қолдану кезінде жұмысшы ерітіндідегі нормасын ұсынылған норманың 30% дейін азайтуға болады.
Ескерту!
Полифемді® қосқанда жоғары деңгейде көбік түзіледі, сондықтан оны бакқа соңғы кезекте қосу керек, мөлшермен бак 90%-ға толғанда.
Үйлесімділік
Полифем® көптеген тіркелген пестицидтермен үйлеседі, соның ішінде гербицидтер Бицепс® 22, Бицепс® 300, Бицепс® Гарант, Галион®, Горгон®, Хакер®; жанаспа және локалдық-жүйелік фунгицидтар Кумир®, Метаксил®, Ордан®, Раёк® және т.б.; фузариозға қарсы фунгицид Колосаль; жанаспа-жүйелі фунгицид Тирада®; жасырын өмір сүретін зиянкестерге қарсы инсектицидтар (жүйелі және жанаспа әсерлі); акарицидтар.