KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Фабиан

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Қытайбұршақ егістігінде біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптермен күресуге арналған құрамалы гербицид.

Күту мерзімі мен өңдеу жиілігі

Жұмысшы сұйықтық шығыны

300 л/га.

Қытайбұршақ
Зиянды объектілер
Біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер, соның ішінде ойраншөп түрлері
Шығын нормасы

100 - 100

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы

Қолдану жөнінде ұсыныстар

біржылдық және көпжылдық қосжарнақты (қалуен түрлерін қоса алғанда) және біржылдық астық тұқымдас арамшөптермен аса жоғары емес және орташа деңгейде ластанса Фабианды® қолдана отырып топыраққа бүрку жұмыстарын егуге дейін немесе қытайбұршақ өскіндері шыққанға дейін, немесе өскін шыққаннан кейін бастапқы кезінде өткізсе анағұрлым тиімді. Бұл жағдайда қосжарнақты арамшөптерде 4 - 6 артық, ал астық тұқымдас арамшөптерде –  2 - 3 артық жапырақтары болуы тиіс. Біржылдық астық тұқымдас арамшөптер тым өсіп кеткен жағдайда препараттар қоспасына  Фабиан® (100 г/га) и Миура® (0,3 - 0,4 л/га) қосу ұсынылады.

Егістік біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптермен жоғары деңгейде ластанса, сондай-ақ олардың осал фазаларынан асып кетсе,  алдымен Фабианды® қолданып, кейін астық дақылды арамшөптердің биіктігі 10 - 15 см жеткенде граминицидпен (Миура®) өңдеген дұрыс.

Біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптермен жоғары деңгейде ластанса, алдымен топыраққа арналған гербицидті қолданып, кейін өсіп тұрған арамшөпке Фабианмен® бүрку жұмыстарын өткізу керек.

Көктем ұзаққа созылған жағдайда, қытайбұршақты себу мерзімі ұзарып, арамшөп өскіндері көбейіп келе жатса, егуге дейін 2 - 5 күн бұрын (немесе қалыптасқан жағдайға байланысты өскін шыққанға дейін 2 - 5 күн бұрын) жаппай әсер ететін  Торнадо® 500 (1,5 - 3 л/га) гербицидімен арамшөптердің барлық түрлеріне қарсы өңдеген дұрыс. Фабианды® одан кейін арамшөп өскіндеріне қолдану керек.

Алабұта түрлеріне өскін шыққаннан бастап соңғы даму фазаларына дейін тиімділігін арттырыру, сондай-ақ астық тұқымдас арамшөптердің дамуын тежеу, алабұта түрлеріне қарсы қайталап  өңдеу қажеттілігін болдырмау, гербицид әсерінің уақытын ұзарту үшін  Фабиан® + ПАВ Адью® (80 - 100 г/га + 0,1% ерітінді) қоспасын пайдаланған дұрыс..

Шұғыл жағдайда, арамшөптер тым өсіп кетсе алдымен біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы Фабианның® (100 г/га)  Корсармен® (1 л/га) бірге дайындалған препараттар қоспасын қолданып, кейін көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы граминицидтармен өңдеуге болады.

Тым өсіп кеткен ақ алабұтамен күресу үшін препараттар қоспасында Фабианды®  Корсармен® (100 г/га + 1 л/га) күшейтуге болады..

Егістікке тұтас қытайбұршақ егілсе,   Фабианды® дақыл егілген соң өскін шыққанға дейін қолдануға болады.

Үйлесімділік

Фабианды® препараттар қоспасында  Корсармен® (1 л/га), Миурамен® (0,3 - 0,4 л/га), сондай-ақ с ПАВ Адьюмен® (0,1% ерітінді) бірге қолдануға болады.

Бүрку жұмыстары арасында 14 күннен аз уақыт өтсе, уыттылығы туындау  қаупі болғандықтан препаратты фосфорорганикалық инсектицидтармен бірге және кезек қолдануға болмайды.

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.