Қолдану жөнінде ұсыныстар
десикацияны күнбағыс егістігіне себетгүлдері күреңдене бастағанда, картопта – түйнектерінің қалыптасуы аяқталып, қабығы қалыңдағанда, зығыр егістігінде - сарғайып пісу кезеңінде, дақылдарды жинаудан 7 - 10 күн бұрын жүргізеді. Рапсты десикациялауды бұршаққындағы тұқымы күреңденгенде, қыша мен қарақұмықта – биологиялық тұрғыдан толық пісу кезеңінде, өнім жиналғанға дейін 7 - 10 күн бұрын жүргіеді.
Гербицид ретінде препаратты өсіп келе жатқан арамшөпке дақылдар себілгенше немесе дақылдардың өскіндері шыққанға дейін қолдану ұсынылады. Күту мерзімі – 12 күн, гербицидпен өңдеу регламенті жоқ..
Препараттың жұмысшы ерітіндісін даярлау үшін тек таза суды пайдалану қажет!
Үйлесімділік
препараттар қоспасында Суховейді® басқа пестицидтермен бірге қолданбайды, себебі препараттардың қолдану мерзімдері сәйкес келмейді. Препараттар қоспасында бұл препаратты мочевинамен және (немесе) аммиак селитрасымен бірге қосуға болады. Барлық жағдайларда қолданар алдында препараттар қоспасындағы компоненттердің өзара үйлесімділігін тексеру ұсынылады.