Қолдану жөнінде ұсыныстар
біржылдық қосжарнақты арамшөптер 2 - 4 жапырақ шығу кезеңінде, көпжылдық арамшөптер - жертаған жапырақ шығу фазасында.неғұрлым осал келеді. Өңдеу уақытын белгілеу үшін дақылдардың емес арамшөптердің даму кезеңдерін ескерген дұрыс. Егістікті қалың және сабақты арамшөптер басып кетсе, жұмысшы ерітіндінің максималды нормасын пайдаланған дұрыс. Егер өсімдіктер шықтан немесе жауыннан дымқыл болса, сондай-ақ өңделген соң 3 сағат ішінде жауын болады деп күтілсе, гербицидті қолданудың қажеті жоқ. Арамшөптер қалың өссе және жойылуы қиынға соғатын арамшөптер болса немесе егін сирек шықса, сондай-ақ ауа райы ыстық және құрғақ болған жағдайда Магнум® Супер гербицидінің тиімділігін арттыру үшін оны ПАВ Адьюмен® бірге қолданған дұрыс, себебі ол арамшөптердің жұмысшы ерітіндімен сулануын жақсартады және гербицидтің тиімділігін едәуір арттырады. Адьюдің® концентрациясы – 0,1% ерітінді.
Үйлесімділік
Магнума® Супердің максимум тиімділігіне оны ПАВ Адьюмен® бірге араластырып қолданда қол жеткізуге болады.. Гербицид 2,4-Д (амин тұзы немесе эфир) негізіндегі препараттармен және дикамбамен үйлеседі.. Магнум® Суперді препараттар қоспасында немесе кезектесіп көптеген инсектицидтермен және фунгицидтермен өңдеуге рұқсат етілген сабақты дәнді дақылдарға қолдануға болады. Препаратты өңдеу жұмыстары арасында 14 күннен аз уақыт өтсе, уыттылық қаупі болғандықтан фосфорорганикалық инсектицидтермен бірге және кезектестіріп қолданбаған дұрыс.