Қолдану жөнінде ұсыныстар
ерте отырғызылған картопқа шығын нормасы міндетті түрде 0,5 кг/га мөлшерінде сақталу керек, әсіресе өскін шыққан кездегі ауа райының қолайсыз жағдайында (қатты жауын). Қытайбұршақ егістігінде топыраққа бүрку жұмыстарын дақылдың өскіндері шыққанға дейін жүргізеді. Максималды дозаны механикалық құрамы бойынша ауыр топырақтарға, минималды дозаны жеңіл топырақтарға қолданады. Құрамында қарашірігі аз (1 пайыздан төмен) құмды топыраққа Лазуритті қолданбау ұсынылады. Қарашірігі 6 % жоғары болса, сондай-ақ торфты және су басатын жерлерде бүрку жұмыстарын арамшөп өсіп шыққаннан кейін жүргізген дұрыс. Өңдеу кезінде және өңдеген соң бірнеше күн топырақты араластырмаған дұрыс. Топырақтың беті тегістелген, ірі кесек топырақ болмауы керек.
Ескерту!
Дозалау жұмысын жеңілдету және препаратпен тікелей қатынасты болдырмау үшін Лазурит® гербициді суда ерігіш пакеттермен (СЕП) ұсынылуы мүмкін. Суда ерігіш пакеттер бар су кірмейтін тұйық қаптаманы тікелей қолданар алдында бүріккіштің багына салғанда ашу керек. Ылғалдың суда ерігіш пакеттерге тиюіне жол бермеу керек!
Жұмысшы ерітіндіні дайындау үшін бакта алдын ала ерітудің қажеті жоқ (араластырғыш бак).
Үйлесімділік
әсер ету спектрін кеңейту және шығынның нормасын азайту үшін Лазуритті® препараттар қоспасында басқа да пестицидтермен бірге қолдануға болады. Қолданар алдында қоспаны өзара үйлесімділігіне және өңделетін дақылға қатысты уыттылығын тексеру қажет.