Қолдану жөнінде ұсыныстар
Деметра®-ны бөлшектеп 0,25 л/га, араға 5 - 10 күн салып, дақылдардың 1 - 2 жапырақ шығу фазасынан бастап қолдану ұсынылады. Біржылдық қосжарнақты арамшөп түрлерінің көпшілігі 2-ден бастап 10 жапыраққа дейін шығу кезеңінде (биіктігі 5 - 10 см) гербицидтің әсеріне неғұрлым осал болып келеді. Көпжылдық арамшөптер өңдеу кезінде жертаған жапырақты - бастапқы сабақтану фазасында, биіктігі 10 - 15 см болуы керек. Препарат шығынының минималды нормасын арамшөптердің бастапқы даму кезеңінде және арамшөп сирек өссе қолданады. Максималды дозасын жабысқақ қызылбояу қалың шықса, арамшөп тым өсіп жетіліп қойған болса, сондай-ақ өңдеудің оңтайлы кезеңінде ауа райының қолайсыз жағдайы қалыптасса қолданады.
Үйлесімділік
препарат препараттар қоспасында қосжарнақтыларға қарсы басқа да гербицидтермен және граминицидтермен, сондай-ақ фунгицидтармен және инсектицидтармен үйлеседі. Бірақ қолданар алдында қоспаны өзара үйлесімділігін және өңделетін дақылға қатысты уыттылығын тексеру қажет. Препаратты жанаспалы гербицидтермен араластырып, пиязға қолдануға болмайды.