Қолдану жөнінде ұсыныстар
дәнді дақыл егістіктерін дақылдың түптену кезеңінде бүріккен дұрыс, ол кезде біржылдық қосжарнақты арамшөптер 2 - 4 жапырақ шығу фазасында, көпжылдық арамшөптердің биіктігі 15 см болуы керек.
Жүгері егістігін дақылдың 3 - 5 жапырақ шығу фазасында, біржылдық қосжарнақты арамшөптер 2 - 4 жапырақ шыққанда, көпжылдық арамшөптердің биіктігі 15 см болғанда өңдеу ұсынылады.
Үйлесімділік
Деймос®-ты препараттар қоспасында көптеген гербицидтермен қосып пайдалануға болады, мысалы қосжарнақты арамшөптерге қарсы әсерінің спектрін кеңейту үшін 2,4-Д, МЦПА негізіндегі глифосат және сульфонилмочевина және басқа да көптеген пестицидтермен қосуға болады. Бірақ әрбір нақты жағдайда араластыратын препараттардың химиялық және физикалық өзара үйлесімділігін тексеру қажет.