Қолдану жөнінде ұсыныстар
майлы зығыр егістігін бүркуді "шырша" фазасында, биіктігі 3 - 10 см болғанда жүргізеді. Гербитокс®-Л, гормональдық үлгідегі басқа гербицидтер сияқты арамшөптердің бастапқы даму кезеңінде (2 -ден 5 -ке дейін нағыз жапырақтар шыққанша), қаулап өсу кезінде неғұрлым тиімді. Сондықтан бүрку жұмыстарын неғұрлым ертерек, өсімдіктің ұсынылып отырған даму фазасы шегінде өткізу керек. Күту мерзімі – 50 күн.
Үйлесімділік
шағынның нормасын азайту және қосжарнақты арамшөптерге қарсы әсер ету ауқымын кеңейту үшін Гербитокс®-Л-ді зығырдың "шырша" фазасында Магнум®-мен (Гербитокс®-Л, 0,5 - 0,7 л/га + Магнум®, 5 - 7 г/га) үйлестіріп қолдануға болады,
қалуен түрлеріне қарсы – Хакер®-мен. Астық тұқымдас арамшөптерге қарсы Квикстеп®, Миура® және басқа граминицидтермен қолданылады, бірақ қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптердің дамуындағы осал кезеңдердің біріктірілуін ескеру қажет.