Қолдану жөнінде ұсыныстар
Гербитокс® гормональдық әсері бар басқа гербицидтер сияқты арамшөптердің бастапқы даму және қаулап өсу кезеңінде неғұрлым тиімдірек (2-ден 5-ке дейін нағыз жапырақтар шыққанға дейін). Сондықтан бүрку жұмыстарын неғұрлым ертерек, өсімдіктің ұсынылып отырған даму фазасында өткізу керек.
Үйлесімділік
препарат әсерін жан-жақты кеңейту үшін қосылатын басқа гербицидтермен үйлеседі. Гербитокс®, 0,6 л/га + Магнум®, 5 г/га қосылған препараттар қоспасы жазғы бидай мен арпа егістігінде жоғары тиімділігін көрсетті.