Қолдану жөнінде ұсыныстар
препараттың ең жақсы әсеріне арамшөптердің бастапқы даму кезеңінде өңдеу арқылы қол жеткізуге болады: қосжарнақты біржылдық арамшөптер - 2 - 6 жапырақ пайда болғанда (биіктігі 5 - 10 см), көпжылдық тамырөркенді арамшөптер - жертаған жапырақ пайда болғаннан бастап сабақтары пайда бола бастағанға дейін.
Препараттың максималды нормасы келесі жағдайда қолданылады: егістікті қалың арамшөп басып кетсе; егістікте көпжылдық тамыр өркенді арамшөптің болуы; әбден өсіп жетілген арамшөптің болуы (жабысқақ қызылбояу 15 - 20 см, түймедақ түрлері - 20 см дейін, қалуен мен сарықалуен түрлері - шанақтану кезеңіне дейін).
Қолдану үшін оңтайлы температура – 8 бастап 25 °С дейін, арамшөптер қаулап өсіп келе жатқанда препарат жылдамырақ әсер етеді.
Алдағы уақытта түнгі қатқақ болады деп болжанса, препараттың тиімділігі төмендеуіне байланысты өңдеу жұмыстарын жүргізбеу ұсынылады.
Жойылуы қиынға соғатын арамшөптер қалың болса немесе шыққан егістік сирек болса, сондай-ақ ауа райы ыстық және құрғақ болған жағдайда Бомба гербицидінің тиімділігін арттыру үшін оны ПАВ Адью® препаратымен қоса пайдаланған дұрыс, ол арамшөптің жұмысшы ерітіндімен сулануын жақсартады және препараттың гербицидтік әсерін едәуір күшейтеді. Қалыптасқан жағдайға байланысты егістікте шығынның келесі нормалары ұсынылады:
Бомба®, 25 г/га + Адью®, 0,1% ерітінді –қызылбояу 8 – 10 мутовка фазасында, қалуен мен сарықалуен – сабақтану фазасында 15 - 20 см дейін;
Бомба®, 20 г/га + Адью®, 0,1% ерітінді – қызылбояу – 6 - 8 мутовка фазасында, қалуен мен сарықалуен – сабақтану фазасында 10 - 15 см дейін;
Бомба®, 15 г/га + Адью®, 0,1%- ерітінді – қызылбояу – 4 - 6 мутовка фазасында, қалуен мен сарықалуен – жертаған жапырақ пайда болғаннан бастап сабақтану басталған кезеңде.
Үйлесімділік
препарат 2,4-Д (аминдық тұз немесе эфир) негізіндегі гербицидпен және дикамбпен үйлеседі. Бомба® препараттар қоспасында Балеринамен® қосып пайдалану ұсынылады.
Препаратты фосфорорганикалық инсектицидтермен бірге немесе бүрку аралығында 14 күннен аз уақыт өтсе, олардың уыттылығы пайда болу қаупіне байланысты кезектесіп қолдануға болмайды,