Қолдану жөнінде ұсыныстар
қалың өскен жағдайда бидайдың төменгі буынаралықтары көлеңкеленіп қалады, соның салдарынан оның механикалық ұлпалары жетекілікті дамымай, сабақтарының беріктігі азаяды, жапырылуға қарсы тұрақтылығы төмендейді. Егістікті ретардантпен өңдеу буынаралықтарының өсуін баяулатады, мехникалық ұлпалардың дамуына ықпал етеді, яғни сабан сабағының жуандауына және диаметрінің өсуіне әкеледі. Препарат өңдеу кезінде немесе өңделген соң пайда болған буынаралықты қысқартады. Бидайдың жапырылу қаупінің алдын алу үшін препаратты бір рет түтіктену фазасында қолданады, нормасы 1 л/га.
Үйлесімділік
дәнді дақылдыларға қолданылатын өсімдік қорғауға арналған препараттармен үйлеседі. Бірақ әрбір нақты жағдайда араластыратын компоненттерді өзара үйлесімділігіне және өңделетін дақылдарға қатысты уыттылығына тексеру керек.