Қолдану жөнінде ұсыныстар
бүрку жұмыстарын дақылдардың вегетациялық кезеңінде, зиянкестер саны экономикалық зиян келтіру шегінен асқан кезде жүргізеді. Алма ағаштарына өңдеуді гүлдегенге дейін немесе гүлдегеннен кейін жүргізеді.
Инсектицидтің жұмысшы ерітіндісіне адъювант (мысалы, Аллюр® немесе Полифем®) қосу ұсынылады, ол препараттың жұмысшы ерітіндісі дақыл жапырақтарының бетіне сапалы және біркелкі жайылуын қамтамасыз етеді.
Үйлесімділік
Сирокко® сіліті реакциясы бар және құрамында күкірт бар препараттардан басқа көптеген инсектицидтермен және фунгицидтермен үйлеседі. Қолданар алдында препаратты өзара үйлесімділігіне тексеру керек.
Препараттар қоспасында бұл препарат дәнді дақылдардың зиянды тасбақа кенелерімен күресу үшін кеңінен қолданылатын пиретроидтық инсектицидтермен (Брейк®, Шарпей®) тамаша әріптес болып табылады.
Препаратты уыттылық туындау қаупі болғандықтан карбаматтар, сульфонилмочевина, имидазолинондар және мезотрион негіздеріндегі гербицидтермен бірге немесе кезек қолдануға болмайды.