Қолдану жөнінде ұсыныстар
обыр шегірткелер тұқымдастарына қарсы өңдеуді личинкалар жаппай пайда болу және өсу кезінде өткізеді (міндетті түрді шегірткелер қанаттанғанға дейін).
Бүрку кезінде егістіктегі барлық өсу кезеңіндегі шегірткелердің личинкаларын жою үшін бүрку жұмыстарын бір рет өткізсе жеткілікті.
Егер популяцияда қанаттанған шегіркелер көптеп пайда болса, Герольдты® имагоға қарсы тиімді кез келген жылдам әсерлі инсектицидтермен аралстырып пайдаланған дұрыс. Дәнді дақылдарды астықтың түн көбелектеріне қарсы жұлдызқұрттардың алғашқы пайда болу кезеңінде бүркиді.
Рапс* пен қышаны* қырыққабат күйесіне қарсы бір рет, жас шегірткелердің пайда болу кезінде өңдейді.
Алма жемірлеріне қарсы бақты зиянкестер жұмыртқа сала бастағанда, жапырақ кеміргіш қабыршақ қанаттыларға қарсы – жас шегірткелер пайда болған кезде өңдейді.
Алма жеміріне қарсы өңдеуді ерте пісетін сорттарға бір рет өңдесе жеткілікті, кеш пісетін сорттарды екі рет өңдеу керек.
Мақтаны көбелекке қарсы зиянкестер жұмыртқа сала бастаған кезден бастап жұлдызқұрт пайда болғанға дейін өңдейді.
Отырғызылған ағаштарды, орман қорғау алқаптарын қабыршақ қанатты жапырақ кеміргіштер кешеніне қарсы бір рет, жас шегірткелер пайда болған кезде өңдейді. Күту мерзімі дәнді дақылдарда – 7 күн, алма ағаштары мен мақта егістігінде – 15 күн, қалған объектілерде – анықталмайды..
Инсектицидтің жұмысшы ерітіндісіне адъювант (мысалы, Аллюр® немесе Полифем®) қосу ұсынылады, ол препараттың жұмысшы ерітіндісі дақыл жапырақтарының бетіне сапалы және біркелкі жайылуын қамтамасыз етеді. Рапс* пен қышада* – 20 күн.
Үйлесімділік
препараттар қоспасында қатты сіліті реакциясы бар пестицидтермен бірге қолдануға болмайды. Қолданар алдында препаратты өзара үйлесімділігіне тексеру керек.