Қолдану жөнінде ұсыныстар
картоп егістігін ауа райында өсімдіктің зақымдануына қолайлы жағдай туындаған кезде (ылғал жеткілікті, температура 28 - 30 °C – бұл жағдайда альтернариоз қоздырғыштары конидиялар мөлшермен 40 минуттан кейін өсіп шығады) өңдейді. Егер картоп пәлектері жинақталғанға дейін фитофторозға қарсы манкоцеб және хлороталонил негіздеріндегі фунгицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, шанақтану фазасында Тирадамен® бүрку жұмыстарын жүргізу керек. Егер фитофторозға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілсе, онда Тирадамен® бүркуді гүлдеуден кейінгі кезеңге ауыстыруға болады..
Сәбіз егістігіне бірінші бүрку жұмыстарын өскіндердің 3 - 4 жапырақ фазасында өткізеді.
Қант қызылшасын аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өңдейді, кейінгі өңдеуді 10 - 14 күннен соң..
Алма мен алмұрт ағаштарын таз қотырға, монилиозға және ақ ұнтаққа қарсы "жасыл конус" фазасынан бастап кейін араларына 7 - 14 күн салып өңдейді. Жемістерді сақтау кезіндегі қарашірікке қарсы жемістер пісіп келе жатқан кезде өңдейді.
Жүзімдіктерге бірінші өңдеуді көктемде шанақтану - гүлдеу фазасында жүргізеді, екіншісін жеміс шоғына жиналғанға дейін, қалғандарын араларына 10 - 14 салып өткізеді. Сондай-ақ бақтағы ағаштар мен жүзімдікті ауа райының болжамына және көптеген бағдарламаларға немесе зерттеу мәліметтеріндегі ұсыныстарға сәйкес (өңдеудің белгіленген аралық мерзімдеріне сәйкес) өңдейді.
Картопқа, қант қызылшасына, сәбізге өңдеуді 2 рет, алма ағаштары мен алмұртқа - 2 - 4 рет, жүзімдікке 4 рет өткізуге рұқсат етілген.
Үйлесімділік
Тирада® күшті қышқыл немесе күшті сіліті реакциясы бар препараттардан басқа көптеген пестицидтермен үйлеседі. Бірақ әрбір нақты жағдайда араластыратын препараттарды өзара үйлесімділігіне тексеру қажет.