KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Ракурс*

Фунгицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Бидайды, асбұршақты және қант қызылшасын кең аурулар кешенінен қорғауға арналған қоскомпонентті жүйелі фунгицид

Әсерлі заттың сипаттамасы

ципроконазол – триазолдар тобындағы фунгицид, қорғаныс, емдік және эратикативтік (тоқтататын) әсерлері бар. 

Эпоксиконазол – триазолдар тобындағы кең спектрлі әсері бар жүйелі фунгицид, профилактикалық, жойғыш және қолданғаннан кейін ұзақ мерзімдік әсері бар.

Әсер ету спектрі

аурулардың кең спектрі, соның ішінде бидайда – ақ ұнтақ, қоңыр тат, сабақ таты, сары тат, жапырақ пен масақ пиренофорозы, септориозы, қарақоңыр дақ, масақ фузариозы; арпада – ақ ұнтақ, қортық тат, сабақ таты, торлы дақ, қаракүрең дақ, ринхоспориоз; қара бидайда – ақ ұнтақ, қоңыр тат, сабақ таты, ринхоспориоз; қытайбұршақта – антракноз, альтернариоз, аскохитоз, септориоз, церкоспороз; қызылшада – церкоспороз, ақ ұнтақ, фомоз.

Әсер ету механизмі

препараттың әсерлі заттары жүйелі әсер етеді.

Эпоксиконазол триазолдар тобындағы кең спектрлі әсері бар жүйелі фунгицид, профилактикалық, жойғыш және  қолданғаннан кейін ұзақ мерзімдік әсерлері бар. Өңделген соң өсімдіктің жапырақтары тез сіңіріп алады, бүкіл бойына тарайды және оның бойында ұзақ уақыт сақталады. Суық және ылғалды ауа райы жағдайында белсенді. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ, тат, жапырақ пен масақ дақтары сияқты ауруларының қоздырғыштарына қарсы жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Бұл компонент эргостеролдың синтезін тежейді, саңырауқұлақ жіпшелерінде жасуша мемраналарының түзілу процесін бұзады. Оның профилактикалық әсері, ал ауру жұққан соң оны жойып жіберу әсері бар.

Ципроконазол – триазолдар тобындағы фунгицид, қорғаныс, емдік және эрадикативтік (тоқтататын) әсерлері бар. Суда ерігіштік қабілеті жоғары, және күшті жүйелілік қасиеті бар.Өңдеген соң өсімдіктің ұлпасына тез сіңеді, бір тәулік ішінде жапырақтың бойына тарайды. Ол сондай-ақ саңырауқұлақ жасушаларында стериндердің биосинтезін тежеуші болып табылады. Соған ұқсас басқа белсенді ингредиенттермен салыстырғанда физикохимиялық ерекшеліктеріне, өсімдікке сіңу және оның ішінде жылжуға қатысты әсерінің спектрі кең,  Өңдеу сапасы мен біркелкілігін ерекше бақылау керек. Аса жылдамдықпен сіңу препаратты жауын шайып кету қаупін азайтады, яғни қайта өңдеу қажеттігін төмендетеді. Аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызатындай жоғары ылғалдылық болса да( 90 % жоғары)  температураға қарамастан ципроконазолдың тиімділігі жоғары. Аскомицеттер тобындағы (ақ ұнтақ, әртүрлі дақтар),  Базидиомицеттер (әртүрлі таттар)  және ішінара төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға қарсы әрекет етеді. Дәнді дақылдардың таттарына қарсы ерекше тиімді.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

өңделген сәттен бастап 4 аптаға дейін.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.