Әсерлі заттың сипаттамасы
әсерлі заттардың екеуі де триазолдар химиялық тобына жатады, бірақ басатын патогендерінің спектрі бойынша айырмашылығы бар, олар бірін бірі толықтырады.
әсерлі заттардың екеуі де триазолдар химиялық тобына жатады, бірақ басатын патогендерінің спектрі бойынша айырмашылығы бар, олар бірін бірі толықтырады.
тебуконазол және пропиконазол фитопатогендері жасушаларының мембранасындағы эргостеролдың биосинтезін тежеуші болып табылады. Соның нәтижесінде қоздырғыш жасушалары бұзылып, саңырауқұлақ жіпшелері өсуін тоқтатады, кейін өледі. Әсерлі заттар ксилема бойынша акропетальдық бағытта (төменнен жоғары қарай, сабақпен масаққа және жапырақтың түбінен үшіне қарай) жылжиды, өсімдіктің бөлшектері оларды тез сіңіріп алады.
Тебуконазолдың профилактикалық және емдік әсерлері бар, ақ ұнтақ пен тат саңырауқұлақтарына қарсы тиімділігі жоғары.
Пропиконазолдың жүйелі профилактикалық, күшті емдік және жойып жіберетін әсері бар, патогендердің спор құру процесін тежейді, әртүрлі дақтарға қарсы тиімділігі жоғары. Оның сондай-ақ өсуді реттегіш әсері бар, яғни өсімдіктің көмір қышқыл газын сіңіруін жақсартады, соған сәйкес фотосинтездің интенсивтитілігін арттырады.
фунгицид пайдалы дақылдарды инфекциядан 4 - 5 апта бойы қорғайды. Жоғары сіңгіштік қабілетінің нәтижесінде Колосаль® Про жауынға қарсы тұрақты..
канистрлар 5