Әсер ету механизмі
тебуконазол и метконазол фитопатогендердің жасуша мембраналарында эргостеролдың биосинтезі процесін тежеуші болып табылады.
Тебуконазолдың профилактикалық және емдік жүйелі әсерлері бар, дәнді дақылдардың ақ ұнтақ және тат патогендеріне, рапстың альтернариозы мен фомозына қарсы тиімділігі жоғары. Метконазол дәнді дақылдардың жапырақ пен сабақ аураларына, рапстың негізгі ауруларына қарсы тиімділігі жоғары. Сонымен қатар препаратты жаздық рапсқа көктемде (жертаған жапырақ фазасы - сабақтану фазасының басында) қолдану өсімдіктің тамыр жүйесінің қарқынды дамуына, сабақтарының қысқарып, жуандауына, өсуін баяулатуға (өсімдіктің өсуін мөлшермен 20 см қысқартады), құрғақшылыққа қарсы төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Жанына қарай өсетін көптеген өркендер пайда болады, олардың түйінделуі жақсарып, бұршаққындарының өнімділігі артады, тұқымның массасы артып, өткізілген қоректендіру және қорғаныс іс-шараларының қайтарымы артады.