KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Аллюр

Адъюванттар
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Көпфункционалды сырттай пәрменді зат.

Әсерлі заттың сипаттамасы

бірінші компонент Аллюрмен бірге қолданатын препараттың сіңімділігіне ықпал етеді, ерітінді тамшыларының барынша жайылуын қамтамасыз етіп, үстіңгі қабатының созылуын төмендетеді. Екінші компонент көбікті басушы, суды жұмсартушы, антистатистик, эмульгатор және солюбилизатор ретінде әрекет етеді, оңтайлы гидрофильдік-липофильдік балансы бар.

Әсер ету механизмі

гербицидтердің ерітіндісіне қосқан кезде Аллюр® препараттың әсерлі заттарының арамшөпке сіңу жылдамдығын арттырады, олардың арамшөп бетіндегі жұқа қабық балауыздары арқылы көбірек өтуіне ықпал етеді. Астық тұқымдас арамшөптермен күресу кезінде адъювант жұмысшы ерітіндінің тамшылары жақсы суланбайтын және төмен қарай салбырап тұрған жапырақтарға бекіп тұрып қалуына әсер етеді. Өсімдіктің өңделген бетінде жұмысшы сұйықтықтың кристалдану қаупі азаяды.

 Аллюрді® жанаспа әсерлі фунгицидтармен қолданғанда қорғаныс уақыты ұзарады, шайылып кетуге қарсы тиімділігі мен тұрақтылығы артады.

Жүйелі фунгицидтер үшін өсімдік жапырағының бетінен бастап ішіне қарай терең бойлауын қамтамасыз етеді.

Өсімдік қорғау заттарының барлық топтарымен және агрохимикаттармен бірге қолданған кезде Аллюр® жұмысшы сұйықтық тамшыларының дрейфін азайтады, тамшылардың жайылуын және онымен тамаша сулануын қамтамасыз етеді, жұмысшы сұйықтықтың жапырақ бетінде біркелкітаралуына ықпал етеді. Бұл адъювант жұмысшы ерітіндінің үстіңгі қабатының созылуы 50 мН/м деңгейінде. Жұмысшы сұйықтық тамшылары Аллюрмен® бірге жапырақ бетін жақсы сулайды, оның бетінде біркелкі жайылады. Аллюрдің® құрамында суды тартатын және оның булануына кедергі жасайтын зат - хьюмектент бар.

СПЗ тамшылары құрғаған кезде сұйық кристалды құрылым қалыптасады, сондықтан Аллюр® болған жағдайда тамшыларда кристалл түзілмейді, қою-созылмалы жағдайда қалып, сіңу процесі жеңілдейді.

Ауа райы ыстық болған кезде ол әсіресе жапырақтары балауыз өңез басқан (алабұта, жусан, гүлтәжі, таран, сүттіген) немесе қалың түк басқан (сарықалуен, қайызғақшөп, түйетікен, бөденешөп) арамшөп түрлерін, сондай-ақ ішінара тым өсіп кеткен арамшөптерді тиімді жоюға мүмкіндік береді. 

Адъвантты әсерлі заттармен бірге сіңіру  эпикутикулярлық балауыз арқылы жүзеге асады, және олар сақталып, әсерлі заттардың пайдалы дақылдарға қатысты уыттылығының жүзеге асуына жол бермейді. Сонымен қатар Аллюр® препараттар қоспасында табиғаты әртүрлі препараттардың өара үйлесуін қамтамасыз етеді. Аллюрді® сапалары әртүрлі суды қолдалана отырып жұмысшы ерітінді дайындау кезінде пайдалануға болады.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.