KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эсток

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Рапс егістігінде қосжарнақты арамшөптермен, ең алдымен айқышгүлділер тұқымдастарымен күресуге арналған, өскін шыққаннан кейін қолданылатын жүйелі гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

этаметсульфурон-метил сульфонилмочевиндер тобына жатады.

Әсер ету спектрі

препаратқа сезімталдығы жоғары түрлері: София сармаласы, дала тегеурінгүлі, егістік қанат жеміс, кәдімгі гүлтәжі, кәдімгі пикульник, дымқыл жұлдызшөп, түймедақ түрлері және т.б.

Сезімталдығы орташа: кәдімгі меңдуана, ақ алабұта, қара алқа, дәрілік аран, жабысқақ қызылбояу және т.б.

Сезімталдығы төмен: көк гүлкекіре, дала шегіргүлі, жабайы шомыр, шырмауық таран, қалуен мен сүттіген түрлері.

Әсер ету механизмі

этаметсульфурон-метил ауыстырылмайтын амин қышқылдарының синтезіне қатысатын ацетолактатсинтаза ферментін жансыздандырады. Гербицид жүйелі әсер етеді, арамшөптің жапырақтары және тамырлары арқылы сіңіп,  оның ішінде оңай жылжып жүреді, оның өсу процесін тоқтатады. Эсток® өсіп тұрған арамшөпке оны өңдеу кезінде әсер етеді, сонымен қатар топырақта ылғал жеткілікті болса,  қолданғаннан кейін де әсер етеді,  ішінара топырақ арқылы да әсері бар. Препарат ауа температурасының кез келген диапазонында тиімді ( 5 °С бастап).

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

Эсток® арамшөптің жапырақтары арқылы тез сіңіп, оның бүкіл бойына тарайды. Сезімтал арамшөптердің өсуі өңделген соң бірнеше сағаттан кейін тоқтайды. Өсу процесінің тоқтауын байқау жылдамдығы өңдеу кезіндегі ауа райына (ылғалдылық, температура), арамшөптердің түр құрамына және олардың даму фазаларына байланысты (жас өсімдіктер гербицидке нұғырлым сезімтал болады). Өңделген соң 1 - 3 аптадан кейін арамшөптердің жапырақтары хлор түстес болып өзгереді, өсу нүктелері өледі, жапырақтарында некроз пайда болады, 2 - 3 аптадан кейін арамшөптер толық жойылады.

Сақтау

Қаптама

банкалар 500

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.