Әсерлі заттың сипаттамасы
ипродион - имидазолдар тобына, дифеноконазол – триазолдар тобына, имидаклоприд – неоникотиноидтар тобына жатады.
ипродион - имидазолдар тобына, дифеноконазол – триазолдар тобына, имидаклоприд – неоникотиноидтар тобына жатады.
ризоктониоз, антракноз, фузариоз; колорад қоңызы, биттер, сымқұрттар.
ипродион – жанаспа қорғаныс әсері бар фунгицид, сонымен қатар өсімдіктің ішінде әрекет ететін заттың акропетальдық және базипетальдық жылжымалылығы мен жүйелі белсенділігі туралы мәліметтер бар. Оның профилактикалық әсері бар, өскіннің қарқынды өсу және бөлінуі кезінде патогендік жасушалардың құрылымын бұзып, спорлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің өсуіне жол бермейді. Көптеген ауруралға қарсы әрекет етумен қатар, әсерлі зат картоптың оспорозы мен фомозына қарсы өте тиімді екенін көрсетті.
Дифеноконазол жүйелі әрекеттік қабілеті бар. Картоптың түйнектері мен өскіндері бойына біртіндеп сіңіру арқылы инфекциялардан ұзақ мерзімге қорғануды қамтамасыз етеді. Дифеноконазол басым көпшілігінде өсімдіктің тамыр жүйесінде шоғырланып, оны ұзақ уақыт қорғайды.
Имидаклоприд – инсектицид ішектік және жанаспа әсері бар, оның жүйелік белсенділігі жоғары. Соның нәтижесінде ол түйнектердің ішіне сіңіп, одан кейін тамыр жүйесіне ауысады және өсу барысында вегетативтік жүйелеріне тарайды..
Идикум®* картоп өсіп шыққаннан бастап гүлденгенге дйінгі кезеңде зиянкестерден қорғайды. Препарат тұқым мен топырақ инфекцияларының таралуын тиімді бақылайды.
канистрлар 10