Әсерлі заттың сипаттамасы
клопиралид хлордан өндірілген пиридиндер тобына жатады және өсу гормондарының синтетикалық формасы болып табылады.
клопиралид хлордан өндірілген пиридиндер тобына жатады және өсу гормондарының синтетикалық формасы болып табылады.
Хакер® сары қалуен (тікенді қалуен), қызғылт қалуен және оның түрлері, көгілдір қалуен (татар сүттігені), бақша қалуені, қызғылт укекіре, ит өгізкөгі, түймедақ (түрлері), жусан (түрлері), таран (түрлері), татар қарақұмығы, шырмауық таран, жусанжапырақты ойраншөп, өгейшөп, көк гүлкекіре, дәрілік бақбақ, кәдімгі зиягүл және басқа да Ақкекіре, Бұршақ, Қарақұмық, Алқа тұқымдастарына жататын арамшөптерді тиімді жояды.
жүйелі әсері бар, жапырақ арқылы сіңіп, өсу нүктелеріне, тамырлары мен тамыр сабақтарына қарай жылжиды, өсімдіктің бойында оңай жылжиды, жасушалардың бөліну процестерін бұзып, өсуін тоқтатады.
өңделген соң бірнеше сағаттың ішінде өсімдіктің өсуін тоқтатады, препарат әсерінің көзге көрінетін симптомдары өңделген соң мөлшермен 12 - 18 сағаттан кейін байқалады. 1 - 3 аптадан кейін сезімтал өсімдіктердің жапырақтары хлор түстес болып өзгереді, қалыңдап ширатылады, сабақтары да жуандап жарылып кетеді, өсу нүктелері өледі. Өңделген соң 2 - 3 аптадан кейін арамшөптің толық өлгені байқалады және ол арамшөп түрінің құрамына, өңдеу кезіндегі даму фазасына, егістіктің арамшөппен ластану деңгейіне және ауы райының жағдайына байланысты. Гербицидтің әсерінен арамшөптің жер бетіндегі бөлігі ғана емес, сонымен қатар олардың тамыр жүйелері, тамыр өркендері мен қайта өскен бүршіктері жойылатыны маңызды.
Хакер® дақылдарды вегетациялық маусымның соңына дейін қорғайды.
банкалар 1