KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Торнадо 540

Гербицидтер-десиканттар
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жаппай әсер ететін әмбебап гербицид және құрамында глифосат мөлшері жоғары десикант.

Әсерлі заттың сипаттамасы

глифосат фосфорорганикалық қоспалар тобына жатады және жүйелі әсері бар.

Әсер ету спектрі

жойылуы қиынға соғатын түрлерін қоса алғанда (жатаған бидайық, тікенді сарықалуен, дала шырмауығы, ажырық, қызғылт укекіре және т.б.) барлық біржылдық пен көпжылдық және қосжарнақты арамшөптер.

Әсер ету механизмі

препарат өсімдікке олардың жапырақтары және басқа да жасыл бөлшектері арқылы сіңеді және арамшөптің бүкіл бойына тарап, оның тамыр жүйесіне жетеді. Ароматтық амин қышқылдарының синтезін тоқтатады, соның салдарынан өсу нүктелері зақымданып, өсімдіктің жер бетіндегі және жер астындағы органдары өледі. Тұқымға әсер етпейді.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

өңдеу кезінде арамшөптердің өсу белсенділігіне және ауа райы жағдайына қарай біржылдық арамшөптерге гербицид әсерінің көзге көрінетін симптомдары бүріккеннен кейін мөлшермен 5 күннен кейін, көпжылдық арамшөптерге әсері  7 - 10 күннен кейін байқалады. Арамшөптер өңделген соң мөлшермен 3 - 4 аптадан кейін толық жойылады.

Ауа райының қолайсыз жағдайында (суық, құрғақшылық, жауын-шашын)  гербицидтің әсері баяулауы мүмкін. Әсер ету симптомдары өсімдіктің сарғайып күреңденуі, жапырақтарының құрғауы түрінде байқалады. Кейін сабақтары, жер астындағы өркендері, тамырлары мен тамыр сабақтары өледі.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

препарат вегетация кезеңінің барлық кезінде көпжылдық арамшөптердің тамыр сабақтары немесе тамыр өскіндері арқылы өсуіне кедергі жасайды және ол шығынның нормасына байланысты, бірақ өсімдіктің тұқымнан өсіп шығу процесін тежемейді.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.